Шымкент полициясының басшысы Еңбекші АПБ қызметкерлеріне басым міндеттерді айқындады

Шымкент полициясының басшысы Еңбекші АПБ қызметкерлеріне басым міндеттерді айқындады

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев Еңбекші ауданы полиция басқармасының жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.


Кездесу барысында жедел қызметтің басым бағыттары айқындалып, қоғамдық тәртіпті нығайту және қызмет көрсетілетін аумақта қылмысқа қарсы күресті күшейту бойынша нақты міндеттер қойылды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, интернет-алаяқтықпен күрес, сондай-ақ қылмыстардың ашылу деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Департамент бастығы әрбір қызметкердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар заңдылықты қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және азаматтардың өтініштеріне сапалы жауап беру қажеттігіне баса мән берілді.


Кездесу қорытындысы бойынша басқарманың жұмыс тиімділігін арттыруға және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.