Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев Абай ауданының полиция басқармасына жұмыс сапарымен барып, жеке құраммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан аумағындағы жедел жағдай, қызметтік көрсеткіштер және жүйелі шешімді талап ететін өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Департамент басшысы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу деңгейін арттыру және халықтың полицияға деген сенімін нығайту негізгі басымдықтар болып қала беретінін атап өтті.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына, заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылды. Әкімшілік учаскелерде профилактикалық жұмысты күшейту, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету қажеттігі тапсырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудандық басқарманың жұмыс тиімділігін арттыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы нәтижелі қызметке қол жеткізуге бағытталған нақты міндеттер жүктелді.