Шымкентте екі қарағандылықтан аса ірі көлемде “синтетика” тәркіленді

Шымкентте екі қарағандылықтан аса ірі көлемде “синтетика” тәркіленді

Шымкент қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады.

Күдіктілердің жалдамалы пәтеріне жүргізілген тінту кезінде аса ірі мөлшерге жататын 250 гр синтетикалық есірткі заты мефедрон, сондай-ақ сату мақсатында жасырылған жерден 30 гр гашиш тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін заңнамаға сәйкес бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.