Патрульдік полиция полкінің командирі шымкенттіктерге үндеу жолдады

Патрульдік полиция полкінің командирі шымкенттіктерге үндеу жолдады

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен жол қозғалысына қатысушылар!

Соңғы уақытта қаламызда жол үстінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жол қозғалысына кедергі келтірген үш дерек тіркелді.
Аталған жағдайлардың барлығы бойынша кінәлі тұлғалар анықталды.
Оқиғалар бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу жүргізілуде, оның нәтижесімен әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жанжал жағдайларынан аулақ болуға және өзара құрмет танытуға шақырамыз.
Ашу мен эмоцияға ерік бермеңіздер.
Бұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін және қаламыздың беделіне нұқсан келтіретінін ұмытпағаныңыз жөн!

Дауларды күш қолдану арқылы шешу – заңға қайшы және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Полиция мұндай құқық бұзушылықтарға принципті түрде әрекет етіп, барлық кінәлі тұлғалардың заң аясында жауапқа тартылуын қамтамасыз етеді. Егер жол қозғалысының ережесі бұзылған жағдайға кездессеңіз, заңға қарсы әрекетке бармай бірден полицияға хабарлаңыз!