Ол “жоқ” дегенді түсінбеді: Шымкентте кезекті сталкинг дерегінің жолы кесілді

Ол “жоқ” дегенді түсінбеді: Шымкентте кезекті сталкинг дерегінің жолы кесілді


Барлығы қарапайым таныстықтан басталған.
Бірнеше айлық қарым-қатынас, сенім, ата-анамен танысу — ешқандай қауіптің белгісі болмаған.

Алайда шындық күтпеген жерден ашылды: қыз жігіттің бұрын некеде болғанын және мұны жасырғанын білді. Ол нақты шешім қабылдап, қарым-қатынасты тоқтатты.

Қыз үшін — нүкте.
Ал жігіт үшін — жоқ.

Үш айдан астам уақыт бойы ер адам қыздың шешімімен келіспей, қоңырау шалып, хабарламалар жазып, байланыс орнатуға тырысқан. Уақыт өте келе қысым күшейіп, әңгімелерде қыздың өзіне және жақындарына қатысты қорқыту сөздері айтыла бастаған.

Қауіп шынайы сипат алған кезде жәбірленуші полицияға жүгінді.