Егерде белгісіз немесе таныс адам сізді жүйелі түрде аңдып, мазаңызды алып, соның ішінде қарсылығыңызға қарамастан қоңырау шалып, қайта қайта хабарлама жіберіп шырқыңызды бұзса, бұл сталкинг.

Егерде белгісіз немесе таныс адам сізді жүйелі түрде аңдып, мазаңызды алып, соның ішінде қарсылығыңызға қарамастан қоңырау шалып, қайта қайта хабарлама жіберіп шырқыңызды бұзса, бұл сталкинг.

Сталкинг — адамның еркінен тыс қайталанып жасалатын қудалау және аңду әрекеттері. Ол жиі хабарласу, өмірде немесе әлеуметтік желілерде үздіксіз бақылау арқылы орын алады. Мұндай әрекеттер адамның психологиялық жағдайына зиян келтіріп, қорқыныш пен күйзеліс тудырады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ескертеді:
Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

Егер сіз немесе жақындарыңыз сталкинг әрекетіне тап болса, полицияға дер кезінде хабарласыңыз. Үнсіз қалмаңыз! Уақтылы жасалған әрбір әрекет бір өмірді сақтап қалуы мүмкін.