Шымкентте полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау жайтының жолын кесті.
Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнын бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды. Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексерулер ұйымдастырып», бизнесін жаптырамын деп қорқытқан.
Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция ескертеді: ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайларға тап болсаңыз, дереу ішкі істер органдарына жүгінуі қажет.