
Шымкент қаласындағы балабақшада жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған танымдық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны полиция қызметкерлері өткізіп, бүлдіршіндерге көшеде өзін дұрыс әрі қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелерін түсіндірді.
Сабақ барысында Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері балаларға жолда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Бағдаршам белгілері, жаяу жүргінші жолы және көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері көрнекі құралдар мен ойын элементтері арқылы таныстырылды.
Бүлдіршіндер сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, жол белгілерін ажыратуды үйренді. Осындай форматтағы кездесулер балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы полиция департаменті балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асыратын болады.