Шымкент жолдарында 5 жасар балалар көліктерді тоқтатты

Шымкент жолдарында 5 жасар балалар көліктерді тоқтатты

Бүгін Шымкент көшелерінің бірінде тәртіп сақшылары көліктерді тексеру үшін емес, жүргізушілерге алғыс білдіру үшін тоқтатты.
Полицейлермен бірге жол қозғалысының ең кішкентай қатысушылары Алдияр мен Сұңғат жүргізушілерге ерекше миссиямен шықты: жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жандарға «рақмет» айту.

Қатаң жезлдің орнына – балалардың күлкісі.
Хаттаманың орнына – Алғыс хат.
Кішкентай жаяу жүргіншілер үлкендерге қарапайым, бірақ маңызды шындықты еске салды: жол ережелері – біреудің қауіпсіздігі, біреудің аман-есен үйге жетуі, біреудің балалық шағы.

«Біз де жол қозғалысының қатысушысымыз, - дейді балалар. – Бізді де қорғасаңыздар дейміз». Бәлкім, дәл осы баланың үні әр жүргізушіге «жол ережесін сақтау – бір-бірімізге деген қамқорлық» дегенді еске салады.
Жолда тәртіп бұзушылықтан гөрі алғыс көп болсын.