
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының үгіт-насихат тобының инспекторлары мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мектеп оқушылары арасында жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.
Аталған іс-шараға 9–10–11 сыныптардың 300-ге жуық оқушысы қамтылып, оларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы және жолдағы жауапкершілік мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның практикалық бөлімінде полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының демонстрациялық көрінісін сахналық форматта көрсетіп, шынайы өмірде орын алуы мүмкін қауіп-қатерлерді нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сақтық дағдыларын қалыптастыру және адам өмірінің ең қымбат құндылық екенін жеткізу.