
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жастарға жол-көлік оқиғаларының шынайы салдарын түсіндіру мақсатында арнайы демонстрациялық жол-көлік оқиғасын ұйымдастырды.
Көрсетілген көрініс — жай ғана сахналық қойылым емес, бір сәттік салғырттық пен жауапсыздықтың адам өміріне қандай ауыр зардап әкелетінінің нақты көрінісі болды.
Сынған көлік, жедел жәрдем дауысы, жарақат алған «жолаушылар» — бұл көріністер оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Көпшілік үнсіз қалды. Себебі бұл — өмірдің ащы шындығы.
Іс-шара барысында жастар бір маңызды жайтты анық түсінді:
жылдамдық — ойын емес,
телефон — рөлде орынсыз,
жолдағы бір қателік — бүтін бір отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін.
Аталған іс-шараның басты мақсаты — қорқыту емес,
әрбір баланың үйіне аман-есен оралуына ықпал ету.
Өмір — біреу-ақ. Оны жолда тәуекелге тікпейік.