Шымкент қаласында үлгілі жүргізушілер марапатталды

Шымкент қаласында үлгілі жүргізушілер марапатталды

Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын жүргізуші — қоғамдағы тәртіп пен мәдениеттің айқын көрінісі.

Осы орайда, көпшілікке үлгі болып жүрген азаматтарды қолдау мақсатында Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындап жүрген бірқатар жүргізушілерді арнайы марапаттады.

Іс-шара барысында үлгілі жүргізушілерге алғыс хаттар табысталды.

Аталған шара — тек марапаттау ғана емес, жолдағы тәртіпке деген құрметтің және жауапкершіліктің айғағы. Себебі әрбір тәртіпті жүргізуші — бір отбасының амандығы мен бір баланың қауіпсіздігі.


Жолдағы тәртіп — ортақ жауапкершілік.
Үлгілі жүргізуші — қауіпсіз болашақтың кепілі.