Мегаполисте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына арналған нұсқаулықты қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов жүргізді.
Полиция полковнигі жеке құрамның қызметке дайындығын тексеріп, нысанды киім үлгісінің талапқа сай болуын, қажетті құрал-жабдықтар мен қызметтік құжаттардың толық болуын бақылап шықты.
Сонымен қатар, полицейлерге қызметтік және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындау қажеттігі ескертілді.
Іс-шара соңында қызметтік борышын орындау барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды.