• құжатты алғаш рет рәсімдеу кезінде (16 жасқа толғанда, сондай-ақ 18 жастан асқан тұлғаларды қоса алғанда);
• 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыру немесе жоғалған жағдайда қалпына келтіру кезінде;
• Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кезде, сондай-ақ жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталып, ауыстырған жағдайда.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 667-бабына сәйкес, егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, мемлекеттік баж салығы 0,2 АЕК орнына 1 АЕК (4 325 теңге) мөлшерінде төленеді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды жеке куәліксіз жүрмеуге және құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда оны уақтылы ауыстыруға шақырады.