Іс-шара барысында полиция қызметкерлері бірқатар бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, әкімшілік учаскелерді аралау, тұрғындармен құқықтық түсіндіру жұмыстары, ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ әлеуметтік қиын жағдайға тап болған отбасылар және алкогольдік ішімдікке тәуелді азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға, және құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда полиция органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.