Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтеді

Шымкентте «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтеді



Шымкент қаласының Полиция департаменті 23-25 қаңтар аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қала көшелеріндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізіліп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, жылдамдықты арттыру, көлік құралын масаң күйде басқару, сондай-ақ автокөліктердің техникалық жағдайына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.