Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестердің рухына тағзым ету рәсімі өтті. Іс-шараға патрульдік полиция полкінің жеке құрамы қатысты.
Полиция қызметкерлері ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жанын қиған әріптестеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, олардың ерлігіне құрмет көрсетті. Жиналғандар қызметтік антына адал болып, соңына дейін борышын абыроймен атқарған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай тағзым ету шаралары мамандықтың қаншалықты жауапты әрі қауіпті екенін еске салып, ерлік пен жанқиярлықтың, Отанға деген адалдықтың айқын үлгісі болып табылады. Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полицейлердің есімі әрдайым әріптестерінің және тұрғындарының жадында сақталып, кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалады.