Полиция құқық бұзушылықтардың алдын алуда заманауи технологияларды пайдалануда

Полиция құқық бұзушылықтардың алдын алуда заманауи технологияларды пайдалануда

Шымкентте полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жаңа техникалық шешімдерді белсенді түрде енгізіп келеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану заң бұзушылықтарды жедел анықтап, оларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Тұран ауданында полицейлер бекітілген аумақта дрондарды пайдалана отырып профилактикалық рейд өткізді. Әуеден жүргізілген мониторинг барысында абаттандыру ережелерін бұзу жайттары анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша тәртіп бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері дрондарды қолдану құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуға көмектесетінін атап өтті. Құқық қорғаушылар тұрғындарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.