Шымкентте полиция заңдағы жаңа норма туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Шымкентте полиция заңдағы жаңа норма туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерге тыйым салатын заңнама нормасы күшіне енді. Полиция бұл өзгерістер жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Шектеу адамның бет-жүзін толықтай жауып тұратын киімдерге – мысалы, никаб пен бетпердеге қатысты. Ал хиджаб, химар, шейла сияқты бет ашық қалатын киімдерге бұл талап жүрмейді.

Медициналық, ауа райына байланысты, қызметтік және спорттық мақсатта киілетін киімдерге қатысты емес.