Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Шымкент қалалық Полиция департаменті орта және кіші басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Шымкент қалалық Полиция департаменті орта және кіші басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырамыз.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;
- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).
Толық ақпаратты алу үшін:(8-7252) 97-65-05, 97-66-96, 97-67-01 телефондарына, e-mail: asyl_pd08@mail.ru электрондық мекенжайы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Желтоқсан көш. 13, бойынша жүгіну қажет.
1.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) инспекторы – (C-SN-8 санаты 10-бірлік);
Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар: жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.
Қосымша талаптар:Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы Әскери кафедрасының курстарын аяқтауы. Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

Білімі бойынша: Құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актілерді білу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардан қоғамдық қауіпсіздікті қатаң сақтауды талап ету. Алаңдар, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-ойын-сауық, басқа да бұқаралық және қауіпсіздік шаралары кезінде құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (батальон құқығында) полицей-жүргізуші – (C-SV-12 санаты 5-бірлік);
Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар: орта білім.
Қосымша талаптар: Полицей-жүргізушілер үшін В, В1, С, С1 санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі.
Функционалдық міндеттері:Жол қозғалысы ережелерін және өлік құралдарын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, техникалық жөндеу барысында техникалық қызмет көрсету ережелерін білу, жеке құрамды тасымалдау тәртібі мен ережелерін білу және ұстану.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ниет білдірген азаматтар, Шымкент ҚПД Кадр саясаты басқармасы қызметкерлеріне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде төменде көрсетілген құжаттарды өткізеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;
10)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
Кандидаттың құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12834 болып тіркелген) бекітілген ІІО-да әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссия берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы қосады.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
23 сентября 2020
Тип
Объявление

Сейчас читают

Для СМИ
21 мая 2025
В Шымкенте наградили лучших водителей
Для СМИ
21 мая 2025
Шымкентте Патрульдік полицияның «Үздік маманы» анықталды
Для СМИ
21 мая 2025
Лето, квиз и кибербезопасность: молодежь и полиция провели день на одной волне

Социальные медиа

Официальный аккаунт Департамента полиции города Шымкент в социальной сети Instagram "police_shymkent"
Официальный аккаунт Департамента полиции города Шымкент в социальной сети Facebook "Шымкент Қаласының Полиция Департаменті"
Официальный аккаунт Департамента полиции города Шымкент в социальной сети YouTube
Официальный аккаунт Департамента полиции города Шымкент в социальной сети ВКонтакте

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации