Павлодар қаласының полициясына азаматтар автотұрақ ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты шаралар қабылдау туралы жүгінеді.
Мұндай бұзушылықтың кезекті фактісі Павлодар қаласында Бекхожин көшесінде тіркелді.
"Chevrole" маркалы автокөліктің жүргізушісі жол белгісінің талабын елемей, өз көлігін мүгедек автомобильдерге арналған жерде қалдырды. Бұл бұзушылықты байқаған қала тұрғындары полицияға қоңырау шалды.
Полиция жүргізушіні анықтады, тәртіп сақшыларына ер адам мүгедектерге арналған тұрақтан басқа орындар бос емес екенін, ал басқа тұраққа баруға ерінгенін айтты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, сондай – ақ ЖЖЕ сақтау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді,-деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 1 100 жүргізуші жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн.
- Жол жүру ережелерін қатаң сақтаңыз, жылдамдық режимінен асырмаңыз, қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз, көлік құралын жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлеспеңіз, тұрақ ережелерін бұзбаңыз, тек жаяу жүргіншілер өткелі мен бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіңіз – деп, жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігі үшін аймақ полицейлері еске салады.