Тәуелділіксіз болашақ мықты отбасынан басталады

Тәуелділіксіз болашақ мықты отбасынан басталады

"Ертіс Толқыны" жобасы аясында Павлодар қаласының жағалауында " Салауатты отбасы-Болашақ кепілі! Есірткісіз болашаққа ұмытыл!» іс-шарасы өтті. Іс-шараны Павлодар облысының Полиция департаменті, "New vision team" ҚҚ Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтының маңыздылығына, нашақорлықтың алдын алуға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға назар аудару болды.
Ертіс өңірінің тұрғындары мен қонақтары спорттық және шығармашылық конкурстарға қатысып, наркология және АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы күрес саласындағы мамандардан маңызды ақпарат алды.
Барлық ниет білдірушілер үшін алғашқы медициналық көмек көрсету және өзін-өзі қорғау тәсілдері бойынша мастер-класстар өтті.
Ит үйретуші мамандар қызметтік иттердің есірткі және жарылғыш заттарды іздеу дағдыларын көрсетті. Армреслинг және салмақ көтеру турнирі ерекше танымал болды.
Іс-шараның ең жас қатысушылары үшін еріктілер отрядтарының қатысуымен шығармашылық аймақ ұйымдастырылды, онда олар ата-аналарымен бірге мықты және дені сау отбасы тақырыбында жарқын тақырыптық баннер салды.
Кештің соңғы нүктесі "TopStar" спорт орталығының фитнес-нұсқаушысының фитнес-қыздыруы болды, ол барлық қатысушыларға қуат, қуаныш сыйлады және өзіне және жақындарына қамқорлық жасауды еске салды.