Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласындағы Достық Үйінің алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері және Департаменттің жеке құрамы қатысты.
- Отанды қорғау барлық уақытта әрқайсымыздың қасиетті борышымыз болған және болып қала береді. Батылдық пен ерік-жігер тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Жыл сайын біздің арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады, бірақ олардың ерліктері туралы естелік ешқашан жойылмайды. Біз өткен батырларға құрмет көрсетеміз және қазіргі Отан қорғаушыларға ризашылығымызды білдіреміз, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.
Дәстүр бойынша, мереке құрметіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар мен атақтар берілді, медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Полиция полковнигі арнайы атағын Ризабек Жанат, Лаура Байбек және Арсен Айгазинге мерзімінен бұрын берілді.
Капитан Бекболат Балтабаев майор атағына ие болды. Әсет Рыспаев, Алмаз Нұрмағамбетов, Арайлым Мұхамеджанова және Марат Қалиев "Құқық тәртіпті қамтамасызбен еңбекке қосқан үлесі үшін"медалімен марапатталды.
"Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен Әлібек Мұхамеджанов, Бауыржан Асылбеков және Алабаев Руслан марапатталды.
ҚР ІІМ Алғыс хаттарымен Самат Қарыбай, Айбат Ибраев , Жасұлан Шайбеков және Серік Арынов марапатталды.
Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Павлодар облысы ПД Заң бөлімінің басшысы Баянбек Ашжанов марапатталды. Алғыс хатпен Сәлімхан Шумалеев марапатталды.
Бірқатар ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері Павлодар облысының полиция бастығынан марапатқа ие болды.
Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін марапатталған және шақырылған қонақтардың назарына полицейлердің өздері дайындаған концерт ұсынылды.
Концертте көрермендердің жүрегіне әсер еткен және оларға жарқын, ұмытылмас эмоциялар сыйлаған "Жаса қазағым", "Смуглянка","Катюша", "Ел қорғандары" сияқты халық сүйетін әндерден тұратын соғыс жылдарындағы музыкалық шығармалар шырқалды.