- Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Павлодар облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел – профилактикалық іс - шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Осы кезеңде полиция ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексеруді жүзеге асырады. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын не тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізу жоспарлануда, қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылданды, жол қозғалысын, оның ішінде қала сыртындағы автомобиль жолдарында қадағалау күшейтілді. Сондай-ақ, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді азаматтардың еңбекпен пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асырылатын болады.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарынан профилактикалық іс-шараны өткізу туралы түсіністікпен қарауды сұрайды.
Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, онда дереу "102" телефоны арқылы хабарлаңыз немесе "police 102"мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.