"Жасөспірім" ЖПШ: полицейлер 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

"Жасөспірім" ЖПШ: полицейлер 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

- "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жастарға алкогольдік ішімдіктерді сату фактілерін анықтау және одан әрі жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Мәселен, Павлодар ауданының Набережное ауылындағы дүкендердің бірінде сатушы 21 жасқа толмаған тұлғаларға 4.6% этил спиртімен екі бөтелке Garag алкогольдік сусын сатқаны анықталды.

Сатушының айтуынша, кәмелетке толмаған бала ересектер сияқты көрінді, сондықтан олардан құжаттар сұрамады.
Осы факті бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Дүкен иесіне қатысты хаттама толтырылып, оны қарау үшін Павлодар қаласының сотына жолданды.
Полиция сатушылардан балаларға алкоголь мен темекі өнімдерін сатпауды сұрайды және осы бұзушылықтар үшін айыппұл түрінде жаза қарастырылғанын еске салады.

Айта кетейік, аталған іс-шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары 298 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Кешкі сағат 23.00-ден кейін ата-анасыз жүрген 220 жас азамат ұсталды. Жасөспірімдердің барлық заңды өкілдері әкімшілік жазаға тартылды.

Балаларды қолдау орталығына екі жасөспірім орналастырылды. Кәмелетке толмаған адамға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін тоғыз сатушы жауапқа тартылды. Профилактикалық есепке 27 жасөспірім және 19 берекесіз отбасы қойылды.

"Заң және тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, Ертіс өңірінің полицейлері ата-аналарды балалардың бос уақытына және балаларының ортасына көбірек көңіл бөлуге шақырады. Негізгі мақсат-жаза емес, уақтылы араласу.