Жолдарда қаңғыбас иесіз мал жиі кездеседі. Көлік құралдарының жүргізушілері қарсы қозғалыс жолағына шығуға мәжбүр, бұл жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Соққылардың салдарынан жануарлар өледі, жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады, өледі, ал көлік құралдары механикалық зақымға ұшырайды.
Полиция қызметкерлері автокөліктің малға соқтығысуын болдырмау үшін жолға үй жануарларын жаю жағдайларын болдырмау жөніндегі кездесулерде халықпен тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер өткізеді. Алайда, өкінішке орай, мал иелері үнемі қадағалаусыз ұстау, айдау және жайылымда өздерінің тікелей міндеттерін орындамауды және елемеуді жалғастыруда.
- Мысалы, полицияға Бірлік ауылының маңындағы "Қалқаман - Керней" автожолында жылқылар жайылып жүргенін хабарлаған ер адам қоңырау шалды. Қызылорда-Павлодар автожолында жүргізушілерден мал жайылып жүргені туралы осындай қоңырау түсті.
Полицейлер мал иелерін анықтады, оларға қатысты әкімшілік материал толтырылды, айыппұл салынды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 274 мал иесі жауапқа тартылды-деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Аймақ полицейлері мал иелеріне жүгінеді! Малды қараусыз қалдырмаңыздар!
Көлік жүргізушілері! Елді мекендердің жанында абай болыңыздар, осындай қауіп туындаған жағдайда шұғыл тежеу шараларын қабылдауға уақыт болу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар.