Павлодар облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қару жарақ заттарын сатып алу акциясы басталады

Павлодар облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қару жарақ заттарын сатып алу акциясы басталады

- Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Павлодар облысының аумағында заңсыз сақталған заттарды халықтан сатып алу бойынша акция өткізілуде-деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Өздерінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырған барлық азаматтарға тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мынадай айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы белгіленеді:
1) атыс Автоматты мылтық қаруының әрбір бірлігі үшін жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
2)ұзын ұңғылы атыс қаруының (мылтықтар, карабиндер) әрбір бірлігі үшін елу есеге дейінгі айлық есептік көрсеткішке дейін
3) қысқа ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін (тапаншалар, револьверлер) ;
4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін отыз еселенген айлық #есептік көрсеткішке дейін;
5) травматикалық тапаншаның немесе револьвердің әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштен он есеге дейін;
6) әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы және артиллериялық снаряд үшін айлық есептік көрсеткіштен жеті есеге дейін;
7) әрбір 1000 грамм жарылғыш заттар үшін алты еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін;
8) ойық Қаруға 5,6 миллиметрден астам калибрлі патрондардың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бес есеге дейін;
9) ойық (ұсақ калибрлі) Қаруға 5,6 миллиметр калибрлі патрондардың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бес есеге дейін.
Айта кету керек, комиссиялар сыйақы мөлшерін анықтаған кезде қару-жарақ заттарының техникалық жағдайы ескеріледі.
Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін айқындау кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 3 санатты қолданады.
1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 100 % есебінен жүргізіледі. 2-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 70 % есебінен жүргізіледі. 3 санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 30 % есебінен жүргізіледі.
Сыйақыға мынадай заттар жатпайды: криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруымен, оқ-дәрілермен немесе жарылғыш заттармен танылмаған, ҚР ІІМ АКБ"Криминалдық қару" және "Тіркелген қару"-да есепте тұрған,тегіс ұңғылы, газды және травматикалық қаруға қолдан жасалған оқ-дәрілер мен патрондар.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыруға барлығы 3 млн. 072 мың теңге сомасында ақшалай өтемақы бөлінді.