Тәртіп сақшыларының назарында жеке тұлғалар тарапынан жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдау, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды бақылауды күшейту.
- Такси қызметін пайдалана отырып, жолаушы өзінің қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс. Тек бір тәуліктің ішінде төрт такси жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізді, клиенттерді тасымалдау кезінде тағы 20 адам ұялы телефонмен сөйлесті. Кейбір тасымалдаушылар жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамады, маневр жасау ережелерін бұзды, міндетті сақтандыруды ресімдемеді, ал жеті такси жүргізушісі техникалық тексеруден өтпеген автомобильдерде жолаушыларға қызмет көрсетті,- деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Мысалы, Екібастұзда Энергетиктер көшесінде Mercedes-benzc 200 тоқтатылды, оның жүргізушісі мас күйінде "Индрайвер"платформасында жеке тасымалдаумен айналысқан.
Мас күйде Павлодарда ВАЗ-21120 маркалы автокөлікпен клиенттерді тасымалдаған такси жүргізушісі де болды.
Барлық мас жүргізушілер жауапқа тартылып, материалдар сотқа жіберілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.
Ведомстводағылар егер Сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102-ге хабарлау, "Police 102" мобильді қосымшасын немесе Instagram direct @dp_pavlodar пайдалану қажет екенін еске салды.
"Заң және тәртіп" қағидаты құқықтық тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңызды элементі болып табылады. Ол заң бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің сөзсіз екендігін растайды және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қылмыстың алдын алуға ықпал етеді