- Ер адамдар әкімшілік заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін қайтадан түзеу мекемесіне қамалды, сонымен қатар олар полиция қызметкерінің тексеруі кезінде бірнеше рет тұрғылықты жерінде болмаған,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қараша айында Павлодардың 34 жастағы тұрғыны сот шешімі бойынша түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Алайда, бостандықта ол заңсыз әрекеттер жасады және сот жүктеген міндеттемелерді орындамады. Оңтүстік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы осы бұзушылықтардың жолын кесіп, материалдарды дайындады, соның негізінде сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсыныс жіберді.
Желтоқсан айында сот ШТМББ-ны жою туралы шешім қабылдады, содан кейін ер адам 2 жыл 5 ай өтелмеген мерзімге түзеу мекемесіне қайтарылды.
Тағы бір жағдайда, 2017 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған көрші мемлекеттің тумасы, бас бостандығынан айыру орындарындағы жақсы тәртібі үшін ҚАЖК мекемесінің өтініші бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Павлодарға келіп, есепке тұрды. Алайда, адам түзету жолына түсуге ниет білдірмеді және заңсыз өмір салтын жалғастырды, сот жүктеген міндеттерді бұзды және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады: ол бірнеше рет құжатсыз және жүргізуге құқығы жоқ болса да көлік құралын жүргізгені, тыныштықты бұзғаны үшін және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ полиция қызметкерінің тексеруі кезінде тұрғылықты жері бойынша болмады.
Оңтүстік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы осы бұзушылықтардың жолын кесіп, материалдарды дайындады, соның негізінде сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсыныс жіберді.
Сот ШТМББ-ны жою туралы шешім қабылдады, содан кейін ер адам 2 жыл 6 ай өтелмеген мерзімге түзеу мекемесіне қайтарылды.
Жыл басынан бері Павлодар қаласының Полиция басқармасы сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою туралы жиырма үш өтініш жібергенін, оның он алтысы қанағаттандырылғанын атап өткен жөн. Сотталғандармен құқық бұзушылықтар мен рецидивтердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты полиция тұрақты негізде жүргізеді.
Осы жағдайларда "Заң және тәртіп" қағидаты құқықтық тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңызды элементі болып табылады. Ол заң бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің сөзсіз екендігін растайды және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қылмыстың алдын алуға ықпал етеді.