Полицейлер кассадан ақша ұрлығын ашты

Полицейлер кассадан ақша ұрлығын ашты

Павлодар полициясы Н.Назарбаев даңғылындағы қалалық супермаркеттердің бірінде кассадан ақша ұрлады деген күдікті адамды ұстады.

- Анықталғандай, ер адам дүкенге заңсыз кіріп, орталық кассадан 781.000 теңге сомасында ақша ұрлап кеткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады. Оның аймақ аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ұсталған адам Павлодар қ. ПБ УҚИ-не қамауға алынды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 Ертіс өңірінің полицейлері қала тұрғындарына қырағы болуға, объектілерді күзету, тауарлар мен материалдық құндылықтарды ұрлауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды бейнебақылау камераларымен және басқа да қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыруға шақырады.