Павлодар полицейлері ер адамды өрттен құтқарды

Павлодар полицейлері ер адамды өрттен құтқарды

Тәулік бойы азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету қызметін атқаратын полиция қызметкерлерінің күні түрлі оқиғаларға толы.

4 қараша күні сағат 09.09-да Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері учаскені патрульдеу кезінде Кривенко көшесі 79-да жеке үйдің өртеніп жатқандығы туралы шақыру алды. Дереу полиция аға лейтенанты Ерлан Бижанов пен полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Каушев оқиға орнына барды. Жолда олар өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем де шақырды, - деді Павлодар қ.ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.

- Үйге келе жатып, алдыңғы есіктен түтіннің өткір иісін сездім, есікті ешкім ашпады. Терезені сындыру туралы шешім қабылданды. Үйден есеңгіреп қалған ер адам табылды, жәбірленуші біреудің есік қаққанын естігенін, одан басқа ештеңе есінде жоқ екенін түсіндірді-деп еске алады қызмет инспекторы Нұрсұлтан Каушев.

Олар бір секундқа да қымбат уақытты жоғалтпады, өйткені адам өміріне қауіп төніп тұрды. Олар ер адамды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Тәртіп сақшылары ер адамды бірден таза ауаға шығарды, сол кезде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді. Полиция қызметкерлері мен келген өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тез сөндірілді. Полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерімен бірге ер адамды зембілмен ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем көлігіне жеткізді.

Айта кету керек, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің барлық шақырулары әртүрлі және олар жиі қауіп төндіреді. Өз кезегінде полицейлер ерлікпен әрекет жасадық деп санамайды, тек күнделікті жұмысын және қызметтік міндеттерін орындадық деп ойлайды.