Павлодар қаласының ЖБО камераларымен 7500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Павлодар қаласының ЖБО камераларымен 7500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі бейнебақылау және құқық бұзушылықтарды тіркеу жүйелерін кеңейту болып табылады. Бұл қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың санын азайтуға, сондай-ақ жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Күн сайын бейнекамералардың қырағы көзқарастарының арқасында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, жол жүру ережелерін бұзу, қоғамдық орындарда қорлау, сондай-ақ ұсақ бұзақылық сияқты түрлі құқық бұзушылықтар тіркеледі.

- Мысалы, Павлодар қаласында Торайғыров көшесіндегі аялдамада ер адам темекі шегіп, темекі тұқылын белгісіз жерге тастады. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзды. Бұл факті бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 18460 теңге айыппұл салынды, - деді Павлодар қ.ПБ жедел басқару орталығының бастығы Ренат Шамгунов.

Полиция департаменті Павлодар қаласы бойынша 117 бейнебақылау камерасы жұмыс істейтінін еске салады.

– Егер құқық бұзушылық немесе қылмыс камералардың көріну аймағында орын алса, онда жақын маңдағы полиция патрульі құқық бұзушыны тез арада ұстайды – деп атап өтті спикер.

Жыл басынан бері бейнебақылау жүйесін пайдалана отырып 7288 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.