Павлодар облысының аумағында жасөспірімдер қылмысының алдын алуға және ескертуге бағытталған "Жасөспірім" жедел – профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Полицейлер облыстың қалалары мен аудандарының көшелерінде, ойын-сауық мекемелерінде, компьютерлік клубтарда күшейтілген рейдтер жүргізуде. Түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын, алкогольдік ішімдіктерді тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс жандандырылды. Жасөспірімдерді спирттік ішімдіктерді, есірткі және уытты заттарды қолдануға тарту фактілерін анықтау үшін қоғамға жат тәртіптегі адамдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың шоғырлануы мүмкін күмәнді пәтерлерді, шоғырлану орындарын тексеру ұйымдастырылды.
Құқықтық тәртіп сақшылары профилактикалық іс-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша 92 әкімшілік материал толтырды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілері анықталды, ол үшін 59 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін - 24 ата-ана жауапқа тартылды.
– Ата-аналар өздерінің хабарынсыз және сүйемелдеуінсіз сағат 23.00-ден кейін бала, жасөспірім көшеде, ал сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орындарында бола алмайтынын түсінуі тиіс, - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Бұдан басқа, 12 кәмелетке толмағандар анықталып, есепке қойылды, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 16 ата-ана есепке қойылды.
Кәмелетке толмағандардың ІІО - на жеткізілгені -74, оның ішінде түнгі уақытта–57, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына, басқа мемлекеттік мекемелерге - 11 орналастырылды.Сонымен, Ақсу қаласының тұрғыны полицейлерге ұсталды, ол ұлына күнде айқайлап, оған агрессивті әрекет еткен. Ұлы кешке досына қонаққа барып, алкоголь ішкен кезде ұсталды. Шешесі мас күйінде УБжДО-на, ал екі жасар баласы Ақсу қаласындағы балалар ауруханасына орналастырылды.
Айта кету керек, 2023 жылдың маусым айында тәрбие мен білім беру, құқықтар мен мүдделерді қорғау, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін анасы жауапқа тартылды. Бірақ ол тиісті қорытынды жасаған жоқ. Материал кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді, оны ата - ана құқықтарында шектеуге өтінішхат берілді-деп атап өтті спикер.
- Ата-аналардың бақылаусыз болуы жасөспірімдердің құқық бұзушылықтар жасауына немесе оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасауына әкелуі мүмкін. Сондай – ақ оқу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі үшін оларды тәрбиелеу, оларға жауапты екендігі туралы ұмытпау керек, - деп түйіндеді Бибігүл Қамзина.