21 жастағы павлодарлық қыз 88 жастағы кемпірді тонады

21 жастағы павлодарлық қыз 88 жастағы кемпірді тонады

Тонау фактісі бойынша Павлодар қаласының полициясына Павлодар қаласының 88 жастағы тұрғыны жүгінді.

Әже түсіндіргендей, кешке жақын бейтаныс қыз есіктің қоңырауын басқан. Пәтерге кіріп, ол залға барып, зейнеткерді әңгімемен алаңдатып, серванттан әмиянды алып, ішіндегі ақшаны ұрлап алып, қашып кеткен.

4 күннен кейін бұл қыз үйге қайта келіп, кіріп, жастықтың астынан, кереуеттің астынан ақша іздей бастаған, бірақ ештеңе таппай,  "Панасоник" маркалы телефонды тоқтан суырып алып, пәтерден белгісіз бағытта жүгіріп шығып кеткен. Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырды –деп хабарлайды Павлодар қ.ПБ ОПБ бастығы Жандос Орынбаев.

Қабылданған шаралармен жедел уәкілдер қарт әйелді тонаған ұрлықшыны тапты. Ол 21 жастағы павлодарлық қыз болып шықты.

Заттай дәлелдеме алынып, күдікті өз қажеттіліктеріне ақшаны жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қ. ПБ УҚИ-не қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".

Полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салады. Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз, оларды пәтерлеріңізге кіргізбеңіз. Бейтаныс адамдар сіздің үйіңізге кіруге тырысатын және шамадан тыс табандылық танытатын барлық күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлаңыз.