ТәуелсізБІЗ!" есірткіге қарсы акциясы

ТәуелсізБІЗ!" есірткіге қарсы акциясы

Павлодарда "ТәуелсізБІЗ!" есірткіге қарсы акциясы өтті, оған машина жасау, сервис және тамақтану мен жоғары инновациялық көпсалалы колледждердің студенттері қатысты. Балалар арқан тартыс, гір спорты, турникте тартылу, секіртпемен секіру жарыстарына қатысты.

Іс-шараны Павлодар облысының Полиция департаменті сервис және тамақтану колледжінің қолдауымен ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар спорт есірткіге балама бола алатынын және жастарға қауіпті тәуелділіктен аулақ болуға көмектесетінін көрсетуге тырысты. Спорттық жарысқа физикалық қабілеттерін дамытып қана қоймай, командалық рухты, ептілік пен төзімділікті қажет ететіндер таңдалды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Сервис және тамақтану колледжінің командасы иеленді. Екінші орынды-жоғары инновациялық көпсалалы колледждің командасы жеңіп алып, үздік үштікті - машина жасау колледжі аяқтады.

 - Бұл жарыс қатысушыларға өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, тәжірибе алмасу және командалар арасындағы достық байланыстарды нығайту алаңына айналды. Сондай – ақ, барлығын ортақ мақсат -  есірткі таратумен күрес  біріктірді, - дейді студенттер. - Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, өйткені спорт есірткіге қарсы іс-қимылдың және салауатты өмір салтын насихаттаудың қуатты құралына айналуда. Олар тек өзіне ғана емес, өз қоғамына да пайда әкелетін дені сау және белсенді ұрпақты қалыптастыруға көмектеседі, - деп атап өтті полиция қызметкерлері.