Ақбөкендер қорғауда

Ақбөкендер қорғауда

Табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуына және ақбөкендерге браконьерлік фактілеріне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында облыс аумағында "Ақбөкен" кең ауқымды акциясы өткізілуде - деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Акция барысында бір ай бойы ақбөкендерді заңсыз аулау, сондай-ақ олардың мүйіздерінің айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады.
Жыл басынан бері полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 204 фактісін анықтады.