Павлодарда борышкерлерден миллион теңгеден астам қаражат өндірілді

Павлодарда борышкерлерден миллион теңгеден астам қаражат өндірілді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында Павлодар қаласының аумағында "Борышкер"жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Алғашқы күні полицейлер тұрғындардан миллион теңгеден астам ақша өндіріп алды. Мамандандырылған автотұрақтарға 3 көлік қойылды.
500-ге жуық адамға берешектері бар екені хабарланды. Бұл дегеніміз, барлық құқық бұзушылар өздерінің бұзушылықтарының ұмытылмағанына және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмей, көлік құралдарын бұдан әрі мұқият жүргізетіндеріне көз жеткізді-деп түсіндірді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Сондай-ақ, спикер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес адамның айыппұл сомасының 50% - егер ол салынған сәттен бастап 7 күн ішінде төлеуге құқығы бар екенін еске салды. Азаматтар өз айыппұлдарын электронды үкімет порталында онлайн режимінде тексеріп, төлей алады.