Борышкерлерден 11 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді

Борышкерлерден 11 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді

Деректер базасы бойынша көлік ағынында полицейлер айыппұлдар бойынша берешегі бар автомашиналарды анықтайды. Рейдтік іс-шаралар тек жолдарда ғана емес, сондай-ақ қаскүнем төлеушілердің тұрғылықты жері бойынша да өткізіліп, төленбеген айыппұлдың бар екендігі туралы хабарламалар табысталады. Автокөлік иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Екі күн ішінде 11 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар өндірілді.
- Мысалы, облыс аудандарының бірінде құқық бұзушы мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін сот тағайындаған 800 мың теңгеге жуық айыппұл төледі.
Павлодар қаласында Н. Назарбаев даңғылында Лексус маркалы автокөлігі тоқтатылды. Деректер базасы бойынша тексеру кезінде авто иесінің 200 мың теңгеден астам сомаға алты төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Борышкердің автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Иесі қарызды толық төлеп болған соң, көлігін қайтарып ала алады, - деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.
Сонымен қатар, ЖПШ барысында полицияда қолда бар заманауи технологиялар қолданылады.
Осылайша, "Кибер-Шериф" аппараттық-бағдарламалық кешенін және "Қорғау" жүйесін қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер жүргізген 541 көлік құралы анықталды, оның ішінде 20 автомобиль арнайы тұраққа қойылды, оның ішінде иесі 200 мың теңгеден астам айыппұлы бар Опель Вектра маркалы автокөлік тұраққа қойылды.
Павлодар облысының Полиция департаменті жол жүру ережелерін бұзуға жол бермеуді, ал бұзушылықтар болған жағдайда заңда белгіленген мерзімде айыппұл төлеуді ұсынады.