Павлодарлық тыйым салынған тұрақ үшін айыппұл төлейді

Павлодарлық тыйым салынған тұрақ үшін айыппұл төлейді

- Азаматтар өз көліктерін тыйым салынған орындарға қоя отырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймайды, жолдарда авариялық жағдайлар туғызады және жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және басқа да өмірлік маңызды қызметтердің жол жүруіне елеулі кедергі болады.

 Ағымдағы кезеңде 2023 жылы Павлодар облысында полицейлер өз көліктерін тыйым салынған жерге қойған  687 тәртіп бұзушыны анықтады, - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, "Hyundai" маркалы автокөліктің жүргізушісі өз көлігін Торайғыров көшесіндегі дүкеннің жанына қалдырды, бұл басқа көліктердің қозғалысына кедергі болды. Көлік жүргізе алмаған ашуланған автокөлік жүргізушілері полицияға қоңырау шалды. Полицейлерге, осы көліктің жүргізушісі өзінің іс-әрекетін дүкенге тез кіріп, жол қозғалысының басқа қатысушылары туралы мүлдем ұмытып кеткенін түсіндірді. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды.

Полицейлер жол ережелерін сақтау қажеттілігін, сондай-ақ бір-біріне құрметпен қарауды еске салады. Егер біреу заңға немқұрайлы қараса, суретке немесе бейнежазбаға түсіріңіз. Олардың уақыты мен күні белгіленгені жөн. Содан кейін полицияға хабарласыңыз. Сонымен қатар,  мүгедектерге арналған орындар туралы ұмытпаңыз.