Айыппұл төлеуді ұмытпаңыз: аймақта "Борышкер"ЖПШ басталды

Айыппұл төлеуді ұмытпаңыз: аймақта "Борышкер"ЖПШ басталды

Жазаның бұлтартпаушылық қағидатын, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының аумағында 26-29 наурыз аралығында "Борышкер"жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Бұл күндері оларға айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

– Полиция қызметкерлері прокуратурамен және жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша борышкерлерге бару арқылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізеді, - деп хабарлайды Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Полиция жол жүру ережелерін бұзуға және одан кейінгі әкімшілік жауапкершілікке айыппұл түрінде жол бермеуді ұсынады. Қарыздардың бар-жоғын тексеру және оларды келесі тәсілдермен төлеуге болады: онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен "Еgov.kz". сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы  qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz.онлайн-төлем интернет-сайттары арқылы.

Интернет-сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде Сіз "айыппұлдарыңыз туралы біліңіз" деген бетбелгіге кіресіз, содан кейін көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйелерінде тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, осы бұзушылықтардың фотосуреттерін сол жерде басып шығаруға болады.