Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікті әйел ұсталды

Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікті әйел ұсталды

Павлодар облысы мен "CiberPol" бөлімшесінің жедел қызметкерлері "Home credit bank" қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады.

- Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, Екінші деңгейдегі банктерде тауар кредитін ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер бүгінгі күні күдіктінің қармағына түскен біздің өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн. теңгені құрайды. Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұлтартпау шарасы күдікті жүкті болғандықтан таңдалады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық процессуаллық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".

Полиция департаменті Павлодар облысының тұрғындарына, егер Сіз осындай алаяқтық схемасына тап болсаңыз, 8-701-141-58-67 телефоны немесе 102 жедел арнасы арқылы полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Азаматтардан қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұраймыз. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға өзінің дербес деректерін хабарлауға болмайды. Үшінші тұлғалар Сіздің атыңызға алған "кенеттен" несиелерден өзіңізді қорғау үшін несие тарихына мониторинг жүргізіп, ондағы қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажет.