Көліктің капотына досын отырғызып көлік жүргізген жүргізуші жазаланды

Көліктің капотына досын отырғызып көлік жүргізген  жүргізуші жазаланды

Күн сайын @dp_pavlodar дирекциясына бей-жай қарамайтын  азаматтардан жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнелер мен фотосуреттер түседі.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы тағы бір бейне полицияға түсті.

- Жұмыс нәтижесінде 1 қаңтарда Май ауданы ауылдарының бірінде жүргізуші ауыл тұрғынына капотта жатып автокөлікпен жүруге рұқсат бергені анықталды. Сонымен қатар, ВАЗ-2112 маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші де өз көлігімен  дрифт жасаған. Жүргізуші өзінің рұқсат етілмеген әрекеттерімен басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі. 

 Апатты жағдай туғызған жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полицейлер тұрғындардың назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында барынша мұқият болуға аударады. Естеріңізде  болсын, жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі  көлік жүргізу әрекеттеріңізге байланысты.