Өздеріңіз білетіндей, 16 жасқа толған әрбір азаматтың жеке куәлігі болуға міндетті.
Ол үшін кәмелетке толмаған бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірімен тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға келіп, электрондық кезек талонын алуы қажет. Маман құжатты дайындауға өтінімді ресімдейді, бұл ретте төлем жергілікті жерде Kaspi QR арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе бүгінгі күні 690 теңгені құрайды. Дайын жеке куәлікті ХҚКО-ға беру секторынан 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.
Жеке куәлікті уақтылы алмау, яғни 1 айдан астам уақыт ата-аналарға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.