Павлодарда полицейлер халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзара іс қимыл көрсетуді талқылады

Павлодарда полицейлер халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзара іс қимыл көрсетуді талқылады

"Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жаңа учаскелік пунктте кездесу өткізді. Іс-шараға  сәулет және қала құрылысы, ішкі саясат, әлеуметтік қорғау, білім беру, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік - құқықтық бөлім, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың өкілі, Павлодар қаласының ПБ ахуалдық-талдау орталығының басшысы және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуге қатысушылар учаскелік полиция инспекторларының ақпараттық жария етілуін арттыру, жергілікті атқарушы органдармен полиция қызметіне қатысы жоқ азаматтардың мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау және қауіпсіздік саласындағы азаматтардың проблемаларына бағдарланған халыққа сапалы полиция қызметтерін көрсету мәселелерін талқылады.

- Жоба аясында қала тұрғындарынан жиі келіп түсетін, бірақ полицияның құзыретіне жатпайтын мәселелердің тізілімі жасалды, ол бұрын барлық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қала мекемелерімен пысықталған болатын. Аталған кездесуде жергілікті атқарушы органдармен қызмет көрсету және қала тұрғындарының мәселелерін уақытылы және сапалы шешу үшін өзара іс - қимыл талқыланды, - деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев. 

Арман Қаптаев аталған сервистік пунктте учаскелік полиция инспекторлары бастапқы кезеңде көмек сұраған азаматтарға, тіпті полиция қызметіне қатысы жоқ қандай да бір мәселеде кеңес беретінін атап өтті.

- Біздің учаскелік бөлімшелеріміз азаматтарға қайда және кімге жүгіну керектігін түсіндіреді, сондай-ақ оларға байланыс деректерін, телефондарды ұсынады. Жақын арада біз маусымдыққа байланысты туындайтын мәселелерді ескере отырып, осындай кездесулер өткізу кестесін жасаймыз, - деді полиция подполковнигі Арман Қаптаев.