Халықаралық балаларды қорғау күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Дәстүр бойынша, бұл күні полицейлер балаларға арналған көптеген мәдени іс-шаралар өткізеді.
Балаларды қорғау күніне арналған кезекті спорттық іс-шараны Павлодар қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау өңірлік орталығының балалары арасында ұйымдастырды.
- Бұл ерекше мереке, ол бізге, ересектерге, болашақ ұрпақты қолдау, түсіну және оларға қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін еске салады, - деп атап өтті Павлодар қаласының ПБ бастығының орынбасары Жәнібек Қабышев.
Осы мерекеде балалар барлық байқауларға үлкен ықыласпен қатысып, көңілді эстафеталарда біртұтас команда болу күшін, ептіліктерін көрсетті, асфальтқа өз армандарын суреттеді.
Мереке соңында барлық балаларға сыйлықтар табыс етілді. Бұл күні балалардың алған жағымды эмоциялары оларды ұзақ уақыт шабыттандырады, өйткені балалар біздің болашағымыз олардың күлкісін еш нәрсе алмастыра алмайды, - деп атап өтті Павлодар қаласының ПБ ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Азат Сейілханов.