Көше қоқыс орны емес!

Көше қоқыс орны емес!

Қала мен ауылдардың барлық тұрғындары абаттандыру ережелерін сақтауы керек. Бұл өз өлкесіне деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі. Бірақ, жұмыс күндері көрсеткендей, бұл нормаларды бәрі бірдей ұстана бермейді.

2023 жылғы 27 мамырда Ақсу қаласы Полиция бөлімінің  жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы көпқабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды тиісті күтіп ұстау тұрғысынан рейд жүргізді.

- Ақсу қаласының тұрғыны Донентаев көшесі бойымен темір жолдың жанына қоқыс тастады. Осылайша қала аумағын абаттандыру Ережесін бұзды.  Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сондай - ақ, мұндай фактілерге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді, - деді Павлодар облысы Ақсу қаласы Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Полиция қызметкерлері азаматтарды, ұйымдардың иелерін, жеке кәсіпкерлерді саналы болуға, жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, қала көшелерінің тазалығын сақтауға және жауапкершілікті есте сақтауға шақырады.