Полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру фактісін анықтады

Полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру фактісін анықтады

Өңірде кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

- Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында сағат 23.10-да Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Қайырбаев көшесіндегі компьютерлік клубта кәмелетке толмағанның ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактісін анықтады. Кейінірек  полицияға ата - аналары шақырылып, олардың қатысуымен кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөліміның бастығы Бекзада Бөлежанов.

Тәртіп сақшысы компьютерлік клуб әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК  132-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылғанын атап өтті. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК  442-бабының 1- бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берудің 2 фактісін және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуының 43 фактісінің жолын кесті.

Мұндай рейдтік іс-шараларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар тұрақты негізде жүргізеді.