Полиция капитаны Наина Манапова өз ісінің маманы

Полиция капитаны Наина Манапова өз ісінің маманы

Полицияда штаб қызметінің бағыты әр түрлі. Штаб қызметкерлерінің міндеті-жедел қызметтік жағдай туралы ақпаратты жинау және талдау.

Сондықтан штаб қызметкерлерін құзыреттілік, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау ерекшеленуі тиіс.

Мысалы, Орталық ПБ штабының инспекторы  полиция капитаны Манапова Наина Станиславовна бала кезінен полицияда жұмыс істеуді армандаған. Бүгінгі таңда ол өз қызметін мақтан тұтады.

Манапова Наина Станиславовна 1994 жылы 30 маусымда Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.

2011 жылы орта мектептің 11 сыныбын аяқтаған соң,  Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясына оқуға түсті.

2015 жылы заң мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, лейтенант атағын алған.

Мектеп жылдарында шаңғы жарысы бойынша спортта жоғары көрсеткіштерге ие болды. Шаңғы жарысы бойынша республикалық және облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

2016 жылы Павлодар қаласы ПБ Орталық ПБ штабының инспекторы лауазымына тағайындалды. 

Ол жұмыста өзінің лауазымдық міндеттерін өте жақсы орындайды, басшылық оның еңбекқорлығын және жұмысы орындаудағы тиянақтылығын бағалайды.