
Әрбір адам өзін жол қозғалысының тәртіпті қатысушысымын деп атай алмайды. Бір жерге асығып, жолды қысқартуға тырысып, жылдамдықты асырады, кейде қарапайым жалқаулықтың салдарынан жолды дұрыс емес жерден кесіп өтеді. Көбінесе балалардың көз алдында ата-аналар жол ережелерін бұзады, содан кейін балалар да ересектерден көргенін жасап жолдажүру ережелерін сақтамайды .
Тек бір тәулік ішінде Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 197 жағдайы анықталды. Бұзушылық фактілері туралы өңір тұрғындары да хабарлайды.
- Мысалы, қала тұрғыны жол ережесін бұзу фактісі бойынша полицияға жүгінді. Сағат 09.13-те Павлодар қаласы, Академик Шөкин көшесі, 87-де жүргізуші "Шевроле" маркалы автокөлікті басқарып, жасанды кептеліс жасады. Жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өткені үшін 61 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды,-деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жалпы алғанда, 2022 жылдың өткен кезеңінде осындай бұзушылық үшін көлік құралдарының 1210 жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 594-бабы бойынша айыппұл салынды.