Лицензиясы жоқ ауыл тұрғынынан 1200 бірліктен астам алкоголь тәркіленді

Лицензиясы жоқ ауыл тұрғынынан 1200 бірліктен астам алкоголь тәркіленді

Павлодар полицейлері күн сайын құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді, оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында дүкендер мен сауда нүктелеріне тексеру жүргізіледі. 

Нәтижесінде, 13.08.2022 жылы сағат 11:30 шамасында Ақшиман ауылының  тұрғыны лицензиясының жоқтығына қарамастан, үйден алкоголь өнімін сатқан. Тексеру барысында "Парламент" маркалы 77 қорап темекі және 1200 - ден астам спирттік өнім алынды: "Volk", "Статус", "Қызылжар", "Неродка", "Родная степь" арақтары 334 шөлмекте, пластмасса ыдыстағы атауы жоқ арақ 0.5 литрден-400 шөлмекте, "Қазақстан" коньягы- 6 шөлмек," Кружка свежего " сырасы-500 бөтелке.

- Заңнама талаптарын бұзғаны үшін, 44 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 200, 282 және 463-баптары бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.